Заңсыз құрылыс
Алматыда газ құбыры үстіне құрлыс салып, заңды елемегендерге қатаң түрде шара қолданылады.
Мұнда тұрғын үй немесе басқа нысандар магистральды желі өтіп жатқан нүктеден кемі 100 де 350 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Тақырыпты тілші толықтырады.
«Интергаз Орталық Азия» компаниясы ел бойынша 22 мың шақырымға жуық газ құбырын тартып, елді көгілдір отынмен қамтамасыз етіп отыр. Алайда құрлыс нормасын бұзып, желіге зақым келтіретіндер де аз емес.
АЙДЫН ЕРАЛЫ
«ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ «АЛМАТЫ» МАГИСТРАЛЬДЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ БАСҚАРМАСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Газ тасымалдау жүйесінің нысаны жоғары қауіпті санатқа жатады. Сондықтан да белгіленген нормалар мен талапты қатаң сақтау тұтынушыларға сенімді әрі қауіпсіз газбен жабдықтаудың маңызды шарты болып табылады. Осы қағидалардың бұзылуы инфрақұрылымның зақымдануына, жүйенің жұмысына кетергә келтіріп, газ беруді уақытқа тоқтатуға алып келуі мүмкін.
Магистральды газ құбырының көбі жер астымен тартылады. Құбыр желісінің бағытын көрсету үшін арнайы қауіпсіздік белгілер қойылған. Газ құбыры өтетін аумақта арнайы қорғау белдеуі де бар. Бұның бәрі алдымен - жер қазу, құрылыс және басқа да жұмыс кезінде құбырға зақым келуінің алдын алып, халықтың қауіпсіздігін сақтайды.
ЕРЖАН ҚАРАҚҰЛОВ
АЛМАТЫ ЖЕЛІЛІК «ИНТЕРГАЗ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» АҚ МАГИСТРАЛЬДЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ ӨНДІРІСТІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Магистральды газ құбыры – стратегиялық маңызы бар қауіпті өндірістік нысан. Сондықтан оның қорғау аймағында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет. Қорғау аймағында рұқсатсыз құрылыс жүргізуге, жер қазу жұмыстарын орындауға, ағаш отырғызуға және басқа да жұмыстарды атқаруға болмайды. Кез келген жұмыс газ құбырының иесімен келісіліп, тиісті рұқсат алынғаннан кейін ғана жүргізілуі тиіс.
Алып шаһарда заңсыз жер иелену дерегі әлі де кездеседі. Мамандар құрылыс бастамас бұрын жер иелеріне барлық талаптарды ескеріп, жауапты мекемелермен кеңесуді ұсынады