Ғарыштық мониторинг

Ауыл шаруашылығындағы аэрофотогеодезиялық ізденістер жөніндегі мемлекеттік институт өзінің 90 жылдығын атап өтті.

Орталық 1936 жылы құрылып, осы уақытқа дейін зерттеушілердің бір емес бірнеше буынын тәрбиелеп шығарған. Ғылыми-зерттеу институтының мамандары жердің ұтымды әрі мақсатты пайдаланылуын ғарыштық мониторинг арқылы бақылап отыр. 


Өткен жылы кәсіпорын ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асырды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағы 100 пайыз цифрлық картамен қамтамасыз етілді. Бұл жер ресурстарын тиімді басқаруға, олардың пайдаланылуын бақылауға және аграрлық сектордың тұрақты дамуына ықпал етуде.


ТАТЬЯНА ВОРОНИНА
ГИСХАГИ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ЖОБАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Картаны жасау үшін бізде мұнда өте көп құрал-жабдықтар бар. Мұнда күрделі жүйе, математика және басқа да есептеулер қолданылады. Әуе арқылы түсірілген суреттердің белгілі бір көлбеу бұрышын дұрыс әрі нақты көрсету үшін   осы құралдар қажет.

Қазіргі таңда бұл бағытта 200-ден астам қызметкер жұмыс істейді, сондай-ақ маусымдық жұмыстарға жас мамандар да тартылуда. Қазір институт мониторингті ғарыш арқылы жүргізе бастаған.

РЫСБЕК АПАСОВ
БҰҰ-НЫҢ ШӨЛЕЙТТЕНУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ТІЛШІСІ (ҚЫРҒЫЗСТАН)
Жер ресурсы мәңгі емес, ол біртіндеп сарқылады, әсіресе топырақ құнарлылығы азаяды. Сол себепті Кеңес Одағы кезінен келе жатқан мемлекеттік жерге орналастыру жобалау институты жүйесіне кіретін ұйымдар бүгін де аса қажет. Себебі осы ұйымдардың арқасында жер ресурстарының жағдайы тұрақты түрде бағалап, қорғауға болады.

Халықаралық конференцияда геодезия, картография және цифрлық геокеңістіктік технологияларды дамыту перспективалары кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ оқыңыз: