Орталық Азиядағы университет басшылары бас қосты

Алматыда Орталық Азиядағы университет басшылары халықаралық қауымдастығының кезекті аймақтық конференциясы басталды.  

60 жылдан бері аталып өтіп келе жатқан алқалы басқосу Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды.
Шараға әлемнің 20 елінен 100-ге жуық жетекші университет басшылары келді. Мұнда адамзатқа ортақ құндылықтар кеңінен сөз болады. Әрі жоғары ғылым мен білім болашағы туралы жаһандық деңгейде талқылау өтеді. Баяндамашылар мұндай конференциялар студенттер арасында ғана емес, профессорлар құрамы арасында да бірқатар келісім-шарттар жасауға мүмкіндік береді. Сондай ақ өзара тәжірибе алмасуға сол арқылы болашақ ұрпақтың білімін дамытуға септігін тигізеді деп отыр. 

САБУР ХАН     «DAFFODIL» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСШЫСЫ
Мен қазақстанда көп нәрсе жасалып жатқанын көріп отырмын. Саясат Нұрбектің Сеулде өткен конференциясында ауқымды баяндама жасап, барлығын осында шақырғаны есімде. Ал Жоғары білім және ғылым министрінің бұл тақырыпқа назар аударуы бұл салаға стратегиялық мән беріп отырғанын көрсетеді. Ал мұның бәрі қазір қазіргі заманғы технологиялардың әсерінен өтіп жатқанын және Қазақстанда АИ қарқынды дамып жатқанын түсінемін

ШОЛПАН ТАЗАБЕК    АЛМАТЫ МЕНЕДЖМЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ ХАЛҚАРАЛЫҚ СЕРІКТЕСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР  
Бұл шараның мақсаты қазіргі таңдағы университеттер экономикаға қоғамға қалай әсер етіп жатыр. Білім болашағы қандай деген маңызды тақырыптар сөз болады.

Сондай-ақ оқыңыз: