Жамбыл және өркениетті ұлт

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев жыр алыбы Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық музейге жұмыс сапарымен келді.

Іс-шараға қатысқан мәдениет саласы мамандары мен зиялы қауым өкілдері Жамбыл Жабаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына құран бағыштады. Биыл  қазақ айтыс өнерінің алыбы – Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойы. Осы айтулы дата қарсаңында ақындар мен батырлар еліне ат басын бұрған Мәлік Нұржанұлы жас ақын-жыршылармен кездесті. Басқосуда ұлттық өнерді ұлықтап, қоғамдық мәдениетті дамытуға мән берудің маңыздылығы туралы жан-жақты сөз қозғалды. Сонымен қатар, қонақтар әйгілі ақынның музей үйін аралап, көзі тірісінде қолданған құнды жәдігерлерін тамашалады.  

МӘЛІК ОТАРБАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ
«Жамбыл атамыз бүкіл түркі әлеміне әйгілі ақындардың бірі. Жамбыл атамыздың басына келіп, музейін аралауымыздағы негізгі мақсатымыз ақындардың сабақтастығын сақтау. Жалпы Жамбыл атамыздың өмірі, Жамбыл атамыздың күрескерлігі, осы тәуелсіздікті аңсағаны және шын мәнісінде өз шығармаларында адамгершілікті насихаттағаны бүгінгі біздің кездесуімізде сөз болып отыр.»

Сондай-ақ оқыңыз: