Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады.

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы жоғарғы Кеңесінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев құрметті қонаққа тиісті ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті. Қырғыз Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Елдеріміз арасында ешқандай түйткіл немесе түсініспеушілік жоқ. «Қазақ-қырғыз – бір туған» деген сөз бар. Бір кеңістікте бауырлас, тату болып, арамыздағы қарым-қатынасты нығайта береміз – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Марлен Маматалиев президентімізге арнайы кездескені үшін алғыс айтып, Президент Садыр Жапаровтың ыстық ықыласын жеткізді. 

Сондай-ақ оқыңыз: