Нарынқол картобынан чипс дайындалады
Қазақ даласында өсірілген картоптан әлемге танымал қытырлақ картоп дайындалады. Иә, Нарынқол ауылы алпауыт «PepsiCo» компаниясымен серіктестігін нығайтып келеді. «Алтын Дән-1» шаруашылығы отандық картоп сапасын халықаралық талапқа сай дамытып, агросаланы жаңа деңгейге көтеріп отыр. Толығырақ әріптесім Ақжан Анапия әңгімелейді.
Төрт жыл бұрын тамыр жайған «Алтын дәм 1» шағын шаруашылығы қазір қанатын кеңге жайып, ауыл шаруашылығының жаңаша келбетін қалыптастырып жатқан іргелі кәсіпке айналды. Оған сеп болған - Қараой жазығында 500 гектарға алқапта заманауи егіншілік тәсілі су үнемдеу технологиясын енгізілуі. Соның арқасында диқандар халықаралық талапқа сай картоп өсіріп, отандық чипсті жаһандық нарыққа шығаруға мүмкіндік алды.
ДУЛАТ ҚҰЛМАМЫРОВ
«АЛТЫН ДӘН 1» АУЫЛШАРУШЫЛЫҒЫ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
2026 жылы біз 250 гектарға келісімшарт жасасып, олардың өздерінің арнайы тұқымдары бар. Чипсы жаңағы производственный бағытқа, сосын тұқымдық бағытқа. Енді мына Нарынқол өңірі тұқымдық бағытқа ыңғайлы болғаннан кейін біз оларға тұқымшаруашылық статусын алғаннан кейін ауданға,, Қазақстанға қазір тұқым шығару жұмыстарын бастап жатырмыз.
Егіншілік ісі оң жолға қойылмай, тұрақты әрі сапалы өнім алу мүмкін емес. Сондықтан шаруашылық ғылыми ізденіске де бет бұрған. Олар ғылыми-зерттеу институттарымен қызу жұмыс жүргізуде. Егін алқабында ғалымдар түрлі тәсілдерді сараптап, сырттан келетін тұқымға тәуелділікті азайту үшін күш салуда.
СЕЙІТКӘРІМ ҚАЛТАЕВ
ҒАЛЫМ
Биыл біз органикалық тұқымды өзімізде өндіріп жатырмыз. Органикалықтың негізгі мақсаты – тұқымды дәрілемейді еш уақытта. Дәрілемей, сол жерден таза өнім алу мақсат. Сол мақсатта біз өзіміз завод құрғанбыз органикалық. Сол зауытты ашып биыл, сол тұқымды өңдеп осы жерге алты гектар ектік.
Өңірде мемлекет көрсеткен қолдау, ғалымдардың ізденісі мен шаруалардың ынтасы бір арнаға тоғысып, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтерді. Жергілікті өнім сапасы артып, сыртқы нарықта өз орнын тапты. Бұл отандық агроөнеркәсіптің бәсекеге қабілетті екенін айқындай түсті.