Қоқыс уақтылы шығарылмайды

Қоқыс жәшіктері уақтылы алынбайды. Көпқабытты үйледің маңы төгінділер полигонына айналып барады. Арнамызға осылай деп шағымданған Талғар ауданы Қарабұлақ ауылы тұрғындарының мәселесімен Құрманжан Қасымжанұлы танысып қайтты.


Қарабұлақ ауылына ат басын бұрған түсіру тобын тұрғындар әуелі балалар ойын алаңқайындағы тазалық мәселесімен таныстырды. Алаңқай түрлі тастандылардан аяқ алып жүргісіз. Алайда ойын балалары асыр салып ойнап жүр. 


АРЗУ АБДОЛЛАЕВА         ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
Шындығын айтқанда өзіміз тазалаймыз. Тазалаушы жоқ, бірақ аптасына бір рет болса да біреу келіп тазалап тұрса жақсы болар еді. Қашан көрсеңіз де осылай шашылып жатады. Амал жоқ балалар келіп ойнайды. Ал мына жиналған қоқыстарды аптасына бір рет №5 үйдің артындағы қоқыс жәшігіне өзіміз жеткіземіз. Бізбен санасып жатқан ешкім жоқ.


Қарабұлақ ауылындағы қоқыс мәселесі бұл ғана емес. Тұрғындардың мазасын алған басты түйткіл көпқабатты үйлердің артқы жағына жасырыныпты.  


ҚҰРМАНЖАН ҚАСЫМЖАНҰЛЫ         ТІЛШІ
Қарабұлақ ауылында 6 көпқабатты тұрғын үй онда 120 пәтер орналасқан. Сол пәтерлерден күнделікті шығатын тұрмыстық қалдықтар мына менің артымдағы жәшіктерге әкеліп салынады. Ал тазалаушы мекеме уақтылы келіп әкетпейтіндіктен қоқыс жәшіктердің аузы мұрнынан шығып, тіпті мына айналаға көлемін ұлғайтып үйіміздің жаны алып қоқыс пологонына айналып барады дейді жергілікті тұрғындар. 


КҮЛІМХАН БАЙҚҰТКЕНОВА            ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Біз звондап айтпасақ мына жерді жинап кетіңдер деп олар келмейді. Қыста қар болды жарайды дейміз. Ал жазда уақтылы алып тұрғаны дұрыс қой. Сасығанда терезе аша алмаймыз. Тамақтың қалдықтары да бар. Болмаса уақтылы ақша төлейміз. 


Тұрғындардың айтуынша қоқыс алынбағалы екі аптадан асқан. Ал неге қызмет уақтылы көрсетілмейді. Тазалаушы мекеме өкілдерін іздеп тауып жауап алдық. Алайда олар да өз уәждерін алға тартты. 


ДАНИЯР СЕРІКҰЛЫ                ТАЗАЛАУШЫ МЕКЕМЕ ӨКІЛІ
біз ол жерден кетейік деп жатырмыз. Себебі бұл кісілер ақшасын жасырады. 5-6 адам тұрса олар ең көбі 1-2 адамға ғана төлейді. Одан кейін бұл кісілерде тәртәп жоқ. Мусорды өртейді. Шашып кетеді. Және жанындағы жаңа құрлыс өздерінен шыққан қоқысты сонда йкеліп татсап кетеді. Сондықтан біз ол жерден кеткелі жатырмыз.


Болған жағдай міне осы. Тазалаушы мекеме жергілікті тұрғындармен келісе алмай отыр. Әркімнің өз айтары бар. Дегенмен бұл мәселе қалайда бір шешім табуы тиіс. Оған ауыл басшылары қандай қарекет жасайды сұрап көрдік. 


АРСЕН ҚҰРМАНҒАЗИЕВ        ПАНФИЛОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУІГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
ТЕЛЕФОНДА: Енді біз олар кетпей тұрып басқа мекеме тауып алуымыз керек. Қызылтуды тазалап жатқан мекеме ма, жоқ арғы жағындағы ПК Марат деген мекеме ма? Ия міндетті түрде ұйымдастырып береміз ғой.


Көшедегі тазалық қоғамдағы адамдардың ішкі мәдениетінің көрсеткіші. Қоршаған орта таза болмай денсаулықта маза болайды. Тек әркім өз жауапкершілігін мүлтіксіз атқарса осындай дау-дамай туындамас еді....

Сондай-ақ оқыңыз: