Алатауда заңсыз жүрген шетелдіктер анықталды
Алатауда заңсыз жүрген шетелдіктер анықталды. Рейдтік шараларды облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары жүргізді. Тексеру барысында заңсыз еңбек етіп, бой тасалап жүрген бірнеше азаматтар құрықталды. Бүгінде Қазақстан Республикасы аумағында болу тәртібін бұзу, сондай-ақ еңбек қызметін жүзеге асыру саласындағы заң бұзушылықтарға қарсы жұмыстарға ден қойылған. Құзырлы органдардың хабарлауынша өңірде «Заңсыз-2026» профилактикалық іс-шарасы қарқынды жүргізіліп келеді. Тиісті тексеру шаралары өңірдегі көші-қон заңнамасын сақтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
ЕРНАР САЙДІЛДИН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Тексеру қорытындысы бойынша шет мемлекеттің алты азаматы анықталды. Барлығы мән-жайды анықтау және қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін көші-қон қызметі бөлімшесіне жеткізілді