Қонаевтың туристік әлеуеті

Алматы облысының әкімдігі биыл жергілікті тұрғындар мен туристер үшін тегін әрі заманауи аймақтардың ауқымын кеңейтпек. Өйткені, Қапшағай су қоймасының жағалауына ағылған туристердің саны күн санап артып келеді. Осыған дейін ретсіз нүкте саналып келген 6-шы және 7-ші жағалау қазір кезең-кезеңімен күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Құрылыс жұмыстарымен әріптесім Дастан Маратұлы танысып қайтты. 

Өткен жылы ғана жаңғыртылып, пайдалануға берілген 5-ші коммуналдық жағажай бүгінде халықтың ең көп жиналатын орнына айналды. Демалыс күндерін былай қойғанда, жұмыс күндерінің өзінде мұнда келушілердің саны тәулігіне мыңнан асады. Қазіргі уақытта шаһардағы өзге де бірнеше жағажай аумағында дәл осындай инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қызу жүріп жатыр.


АСХАТ БЕРДІХАНОВ
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Бізде жасайтын коммуналдық пляждар, ол осы 5-ші пляж, сосын 6-7-ші жағажай. Одан бөлек, «Жібек жолы» 8-ші пляж, қазіргі таңда олар жеке кәсіпкерлер жасап жатыр, оны да 10 күннің арасында ашып, жартылай жергілікті тұрғындарына беретін болады.


6-шы және 7-ші жағажайлардағы құрылыс жұмыстарының көрсеткіші қазіргі таңда 80 пайыздан асқан. Негізгі инженерлік және абаттандыру шаралары тәмамдалып, тек әрлеу жұмыстары қалды. Жағалау толық дайын болмаса да, мұнда шомылу маусымын бастап кеткендердің легі көп. Сондықтан құрылысшылар жұмысты демалушылармен қатар жүргізуге мәжбүр. Бекітілген кестеге сәйкес, аталған нысан ағымдағы жылдың 1 шілдесінде толық пайдалануға берілуі тиіс.


ИБАДУЛЛАЕВ ӘЛИАСҚАР
БАС МЕРДІГЕР
Жалпы пляждың ұзындығы 680 метр. Иә. Бүкіл пляжда бізде 45 туалет, 40 душ и 40 де болады, раздевалка болады. Ең соңғы бізде бір екі кәсіпкерлердің несі қалды, бутиктары қалды и осы бес проход қалды. Қалғаны бәрі уже бітіп, сулар кіргізілген, светтерін қойып, бәрін бітіріп қойдық.


Жаңа жағажай демалушылар үшін барынша жайлы болмақ. Мұнда су мен жарық жүйесі толық тартылып, санитарлық-гигиеналық тораптар мен душ кабиналары дайын тұр. Бұдан бөлек, аумақта 56 арнайы сауда бутигі қарастырылған. Сондай-ақ, іргелес аумақта келер жылы аяқталатын тағы бір ауқымды туристік жобаның құрылысы жүріп жатыр. Қауіпсіздік үшін әзірге жабық тұрған бұл нысан болашақта өңірдегі ең ірі демалыс орталығына айналады деп күтілуде.

Сондай-ақ оқыңыз: