«ӨРІК FEST – 2026»

Ұйғыр ауданы еліміздің өрік астанасы ретінде тағы бір мәрте өз әлеуетін паш етпек. 17 маусым күні Шонжы ауылында «ӨРІК FEST – 2026» фестивалі екінші мәрте ұйымдастырылады.

Бұл жай ғана мереке емес, өңірдің ауыл шаруашылығын, агротуризм мен кәсіпкерлікті дамытуға серпін беретін ауқымды іс-шара.  Бұл жолғы фестивальдің басты ерекшелігі  ғылыми-тәжірибелік конференция. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ғалымдары, биотехнологтар мен сарапшылар ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін талқылап, бағбандарға өз білімдерімен бөліседі. Сонымен қатар, қонақтарды ұлттық тағамдар жәрмеңкесі, концерттік бағдарламалар мен түрлі шеберлік сыныптары күтеді. Айта кетейік, Ұйғыр ауданында өндірілетін өрік өнімінің 80 пайызы ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етсе, қалған 20 пайызы Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдеріне экспортталады.

БОТА ЕЛЕУСІЗОВА
ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Басты мақсатымыз бізде қазір 3мың гектардан жоғары бақтарымыз бар, оның ішінде жеміс беріп тұрғаны 2145 гектар. Жалпы 545 шаруа қожалықтары осы бақ өсірумен айналысады. Келешекте осы өріктің дәнінен бастап, жемісінен бастап дәніне дейін терең өңдеу өнеркәсіптерін тарту, инвесторларды тарту және мына ғылымның жеткен жетістіктерін жаңа тәсілдерді өнім алуда, өнімнің өнімділігін көбейтуде пайдалы болып табылады. 

Сондай-ақ оқыңыз: