«Таза ауыл» экологиялық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында Кеген ауданында «Таза ауыл» акциясы салтанатты түрде бастау алды. Игі шара ауданның 12 ауылдық округін түгел қамтып, жаппай көгалдандыру жұмыстарына ұласады. Салтанатты жиынға аудан  басшылары мен мемлекеттік мекеме өкілдері қатысты.Экологиялық науқанда  ауданда 3500 ге жуық түп ағаш егіледі. Бұл жолы ауыл көшелері мен саябақтарға өрік, шырша, қайың,  итмұрын секілді түрлі сәндік әрі жеміс ағаштары отырғызылады. Жоба аясында Кеген ауданы аумағында абаттандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаса бермек. Ал егілген әрбір көшеттің өсіп-өнуі мен күтіп-бапталуы  бақылауда болады» дейді ұйымдастыршылар.  


ЕРКЕБҰЛАН НҰРҚАЛИЕВ
КЕГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
“Бұл экологиялық акция жыл 12 ай жалғасын таба береді. Және де Кеген ауылдының мекемелеріне өздеріне көрсетілген орынға осы ағаштар егілетін болады алдағы уақытта. 

Сондай-ақ оқыңыз: