Теріні терең өңдеу

Кеген ауданында қой жүнін терең өңдейтін кәсіпорын ашылады. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан цехта көрпе, текемет сынды дайын өнім шығарылмақ. Инвестициялық жобаның жалпы құны – 1,2 миллиард теңге. Өңірде ауыл шаруашылығын тиімді дамыту бағытында өзге де бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Осы бастамалармен тілшіміз Шұғыла Баймұхан танысып қайтты.


Қазіргі таңда Кеген ауданында 200 мыңға жуық ұсақ мал бар. Бұған дейін мал терісін өткізетін арнайы орын болмаған. Енді тері терең өңдеуден өтеді. Бұл – бұрын қажетсіз қалып келген шикізаттың сапалы былғарыға айналып,  кәдеге жаратылуы деген сөз.  Кәсіпорынның  мақсаты – мал шаруашылығы ресурстарын тиімді пайдалану.

СӘБИТ АЛИЕВ
КӘСІПКЕР
«Қойдың жүндерін терең өңдейміз. Яғни жуамыз, түтеміз, одан дайын өнім шығарамыз. Қазақстанда аналогы жоқ комбинат болады. Бұл жерде жүннен текемет, одеял сияқты өнімдер шығатын болады. Дайын өнімді қазақстанның ішінде, жуылған, түтілген өнімді Қытайға экспорттауға келісім шартымызды дайындап қойдық жобамызды қазір. Қытай мемлекеті бізден сатып алады.»

Жоба жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұдан бөлек инвесторлар сүт өңдеп, күніне 2 мың тоннаға дейін ірімшік жасайтын тағы бір үлкен өндіріс ошағының құрлысын бастады. Екі зауыт іске қосылғанда  60 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр.  "Бастысы мемлекет тарапынан қолдау бар"-дейді аудан әкімі.

НҰРБАҚЫТ ТЕҢІЗБАЕВ
КЕГЕН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Көптеген бағдарламалар мен жеңілдетілген несиелер, қаражатпен қолдаудың көптеген бағдарламалары жүріп жатыр. Осының аясында ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында бізде үлкен ет комбинаты салынды. Құрлысы толық бітті. Қазір құжаттарын рәсімдеп жатыр. Тек ашылуын күтіп отырмыз. Одан басқа сүт өндіру бойынша біздің «Талас СПК» деген үлкен жеке шаруашылық қызметіміз күніне 1 тонна сүт өндірсе мемлекеттік бағдарламалар көмегімен қазір 2 тонна сүт өндіріп жатыр.»

Жалпы ауданда агроөнеркәсіп пен туризмді дамытуға бағытталған 50-ден аса инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. "Бұл бастамалар өңір экономикасын дамытып, ауылдағы ағайынның тұрмыстық әлеуетін арттырады",- дейді жауаптылар.

Сондай-ақ оқыңыз: