Алма бағы ерекше гүлдеді

Есік мемлекеттік дендрологиялық саябағы аумағында алма бағы ерекше гүлдеді. Бірнеше аптадан бері бақ ішінде ағаштар бүр жарып, аумағы керемет көрініске бөленген. Әдетте алманың барлық түрі ақ түсте гүлдейді. Ал «Ася» сортының ерекшелігі дәл осы өзгеше түсте гүлдеуінде. Бұл жердегі жемістердің негізін белгілі қазақстандық ғалым-помолог Аймақ Жаңғалиев  қалаған. Ол ғұмырын Сиверс алмасын зерттеуге арнап, Жетісу тауларын алманың отаны деп тұжырымдады.  Жалпы парк аумағында "Ася" сортынан бөлек, ерекше сұрыптау жұмыстарының нәтижесінде пайда болған бірнеше алма сорты өсіріледі. Ал бақтың аумағы 14 гектар.

ОКСАНА НОВАК
ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ
"Жыл сайын «Ася» сорты өте әдемі гүлдейді. Оның алмасы қып-қызыл болады, іші де қызыл, өте шырынды бұл жеміс  ұзақ сақталады. Өткен жылы бұл сорттан 20 тоннадан көп өнім алынды."

Сондай-ақ оқыңыз: