Чернобыль апатына 40 жыл
Биыл Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл толып отыр. Адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі саналатын бұл қайғылы оқиға бірнеше елге өз зардабын тигізіп, миллиондаған адамның өміріне әсер етті. Радиоактивті ластану салдары табиғатқа да, адам денсаулығына да орасан зиян келтіріп, ұзақ жылдарға созылған ауыр із қалдырды. Осы қасіретті күнді еске алу мақсатында Ұйғыр ауданында арнайы шара ұйымдастырылды. Шараға Чернобыль апатын жоюға қатысқан ардагерлер, аудан тұрғындары мен жастар қатысты. Ардагерлер апат салдарын жоюдағы бастан кешкен қиындықтарын айтты. Жастарды бейбіт өмірдің қадірін бағалап, ел тыныштығын сақтауға және жауапкершілікті сезіне білуге шақырды.
ЖАНДАР АДИБЕКОВ
ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРІ
“Біз 40 жылдықты қаралы күн деп есептейміз енді той емес ол. Сондықтан мына Ұйғыр ауданы 40 жылдыққа міне осылай дәрежемен дайындалып отыр, көшет тігіп отырмыз. Енді біз 18 жасымызда Чернобыльда болғанбыз… Радиация не екенін білмейміз… отыз екі мың адам қатысқан екен есеп бойынша соның қазір алты ақ мыңы қалыпты…”