Қарасай ауданы “Асыл арман” тұрғын үй кешеніндегі қос пәтер өртенді
Қарасай ауданы, “Асыл арман” тұрғын үй кешеніндегі пәтер өрті сақтық ережесін сақтамау салдарынан туындауы мүмкін. Куәгерлердің айтуынша, алғашында балкондағы жихаз өртенген. Сол сәтте пәтерден жарылысқа ұқсас дыбыс естіліп, көрші үйдің тұрғыны сыртқа жүгіріп шығады. Жалын көрші пәтерге лезде тарап, екі бірдей баспана от құрсауында қалды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына он бес минутта жеткенмен, су жетіспей, қосымша күш тартуға тура келді. Соған қарамастан жалын тоқтатылды. Ресми мәлімет бойынша, адам шығыны жоқ. Дегенмен екі пәтер де қатты зақымданып, тұруға жарамсыз күйде. «Қазір аталған факті бойынша тиісті сараптамалар жүргізілуде» деп хабарлады облыстық төтенше жағдай департаменті.
ҚАБДІЛӘШІМ ҚАЙЫРБАЕВ
АУДАН ТҰРҒЫНЫ
«Өздеріңіз бұл жерде бір үйден екінші үйге өте береді. Сондықтар пожарный мен полицияны осы Асыл арманға қойып қойса ғой. Ана водозаборның несіне, вот сол кезде күшті болады. Жарты сағат, жарты сағатта ананың бәрі жанып кетті, көрдіңіздер ғой. Екінші үйге өтіп кетті. СКЛ. Зарядкалар, зарядкаларын ұмытып кетеді. Мына астыңдағылар үстінен темекі тастайды. Көбісі сол темекімен кетіп жатыр.»