Мал санағы

Кеген ауданы Алматы облысындағы мал шаруашылығы дамыған аймақ. Ауданда 46 мыңнан аса ірі қара мен 31 000 жылқы тіркелген. Сонымен қатар қой-ешкі саны да артып келеді. Қазір мал санағы мен қауіпті аурулардың алдын - алу шарасы белсенді жүріп жатыр. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.


Ветеринариялық-профилактикалық іс-шара аясында мал санағы мен , сырғалау жұмысы жүргізілуде. Сонымен бірге  аусыл, қарасан, пастереллез, сібір жарасы, шешек ауруларына қарсы екпе егіліп жатыр. Жалағаштағы бұл қожалықта 240 бас ірі қара мен 1000 нан аса қой бар. 30 жылға жуық ет өндірумен айналысатын шауруашылықта өнімнің сапасы мен тазалығына аса мән беріледі.    


БОЛАТ АУМОЛДАЕВ 
ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Бүгінгі күні Ветеринариялық служба күшейді. Өздерінен бөлінген машиналары бар. Уақытысында келіп вакцинациясын өткізіп жатыр. Міне көктемгі уақытта қанын алады. 3 вакцинациясын өткізеді. Аусылға, қарасанға, пастереллезге.

Мал санағы басталғалы бері жоспарлы жұмыстың әзірге 25 пайызы орындалып,  2 500 ге жуық  ірі қара іркелді. Сонымен қатар, 3 500 бас қой-ешкі және чиптеу арқылы 500 жылқы есепке алынды.

ҚАБЫЛ ТӨКЕНОВ
КЕГЕН АУДАНДЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Диагностикалық жұмыстар бойынша 170 мың қой, 46 мың ірі қара малынан қан алу жоспарланып, қазіргі уақытта қан алу жүргізілді. 4 айлық жоспар бойынша 8100 бас ірі қарадан, 17000 бас қойдан қазір қан алынды нәтижесінде 27 бас ірі қара бруцеллез ауруна оң рекция көрсетті. Олар арнайы мал сою алаңына өткізілді.» 

Ал облыстық ветеринария басқармасының  қолдауымен жеті ауылда  мал өлексесін тастайтын орын салынды. Биыл тағы екі нысан салынбақ. Сондай ақ, малға егпе жасайтын қоршаулар жасалып, 4 ауылда ветеринар мамандар отыратын мед.пунктер бой көтермек. 

Сондай-ақ оқыңыз: