Еңбекпен өнген өнім
Жамбыл ауданының құнарлы алқабында көкөністің түр-түрін өсіріп, табанды еңбекпен кәсібін дөңгелетіп отырған шаруа қожалығы бар. Ешбір агротехника көмегінсіз жұмыстың бәрін қол күшімен атқарып отырған шағын кәсіптің жылдық өндірістік қуаты қандай? Толығырақ әріптесім әнгімелейді.
Қарғалы ауылы - өнім өндіруге қолайлы аймақ. Дәл осы тау етегінде орналасқан жылыжайдан орамжапырақ, кәді, брокколи, қантты жүгері, түсті қырыққабат сынды көкөніс түрлері ірі сауда желілеріне жөнелтіледі.Бала күнінен еңбекке еті үйренген Төлеген Ниязовтың кәсіпті дөңгелетіп отырғанына сегіз жылдан асты. Алыс-жақын бауырларын да еңбекке тартып, қазір мұнда он беске жуық адам жұмыс істейді. Отбасылық кәсіпке айналған іргелі істің жылдық өндірістік қуаты – 60 млн теңге.
ТӨЛЕГЕН НИЯЗОВ
«ТӨЛЕГЕН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Экспорт,,,, ноябрь айында береміз Россияға. 3-4 фура жылда. Бізде основной егілетін айсберг деген салат қой. Соны біз келешекте көбейтпекшіміз. Құдай қаласа алдыға қлйған мақсатымыз – жерді көбейтсек. Жерді көбейтсек тағы адам санын көбейтеміз. Жақсы жақсы мақсаттарымыз бар»
Көкөніс дақылдарын егу үшін қолайлы кезең - көктем. Табиғат қайта түлеп, жердің тоңы жібіген шақта дән себу жұмысы басталады. Әсіресе жылыжай ішінде немесе қорғалған жерде көшет отырғызу тиімді болса, күн жылып, үсік қаупі сейілген тұста оларды ашық алқапқа көшіру қолайлы. Әр дақылдың өзіне тән ерекшелігі бар. Салқынға төзімді орамжапырақ пен брокколи секілді көкөніс түрі ертерек егілсе, жылуды қажет ететін көкөністер кеш жерсінеді. Сондықтан егінші табиғаттың мінезін дөп басып, күн шуағын дер кезінде пайдалануы қажет.
ЖАНДОС ОҢҒАРБАЕВ
ЖҰМЫСШЫ
«Бұл кабачки. Осының астына топырақ үйіп жатырмыз. Мына астында ауа кірместен, арам шөптер өлу үшін. Арасына 35-40 смден егеміз. Бір қатарда 200-250 штуктай бар.»
Көкөніс бағасы нарық сұранысына қарай үнемі өзгереді. Бұған қоса, маусым мен тасымалдау шығындары мен өнім сапасы да жұмыс барысына әсер етеді Мәселен, қыста кейбір көкөністерді таппаймыз, сәйкесінше олардың құны да жоғарылай түседі. Бұл ретте маңыздысы -сапа мен тұтынушы сенімі. Бір күннен асқан өнім келесі күні қайтадан сатылымға шықпайды. Осындай ұқыптылық пен жауапкершілік халық сенімін нығайта түседі.
АҚЖАН АНАПИЯ
ТІЛШІ
«Көкөністің жеті түрін егетін жылыжай ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Алда 15 гектарлық жер телімін 60 гектарға дейін кеңейту жоспарда бар.»