Ардагерге құрмет
Ұйғыр ауданында соғыс ардагері Алым Кебиров 102 жас мерейтойын атап өтті.
Ғасыр жасаған қарияны құттықтауға аудан басшылары мен тұрғындары келді. Кебиров Белорусия мен Украин майдандарына қатысқан. Соғыста ауыр жарақат алып елге келіп емделді. Кейін соғысқа қайта аттанды. Салтанатты шара барысында ардагерге құрмет көрсетіліп,ізгі тілектер айтылып, ыйығына шапан жабылды.
АЛИМЖАН ТОХТАСУНОВ
АУДАН ТҰРҒЫНЫ
“Бүгін біздәің елімізде Қазақстанда біздің ауданымызда үлкен той, мереке. Себебі облыста төрт ардагер қалса соның біреуі біздің ауданда Алым Кебиров деген атамыз. Арнайы осы ұлы жеңіс күніне келтіріп осы шара жасалынып жатыр. Мен ойлаймын осындай аталарымызға қарап біздің балаларымыз келешекте батыр болады, тәрбие алады. Келешекке зор үлес деп ойлаймын.”