Ардагер атына көше берілді

Жамбыл ауданы, Еңбекшіарал ауылында  "Брест батыры"  майдангер  Матқалық Дәуренбаевтың  есімімен  ауылдың басты көшесі аталды.

Ол 1939 жылы әскер қатарына шақырылып Брест қамалын қорғауға қатысқан. Кейін взвод командирінің көмекшісі, аға сержант ретінде әскери борышын абыроймен атқарды.Тұлғаға қатысты тың деректі журналист-зерттеуші Ләйлә Ахметова Брест архиві қорынан тапқан. Ізденіс нәтижесінде майдан тілшісінің қазақ және орыс тілінде жарық көрген 40-тан астам материалы анықталған. Зерттеушінің пайымынша, ол соғыс басталмай тұрып-ақ әскери тілші болған. Салтанатты шараға Жамбыл ауданы әкімі, ауыл тұрғындары мен майдангердің  туған-туыстары қатысты. 

ЛӘЙЛӘ АХМЕТОВА 
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ
«Бүгін бәріміз үшін қуанышты әрі тағылымы мол күн. Тұңғыш майдан тілшісінің есімі берілген көшенің ашылуы тұтас өңіріміз, қаламыз, ел-жұртымыз үшін мәні зор оқиға. Біз бүгін халқына ағарту ісінде де, рухани насихат жолында да өлшеусіз еңбек сіңірген тұлғаның есімін ұлықтап отырмыз. Ол қазақша да, орысша да еркін жазып, білім беріп, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосқан жан. Архивте ерлігімен елін құтқарғандар көп, олардың есімін ұлықтау - біздің міндетіміз.»

АЙДЫН ДӘУРЕНБАЕВ 
МАТҚАЛЫҚ ДӘУРЕНБАЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ 
“Бұл кісі енді .. мұғалім болып бастаған жұмыс жолын. Содан әйтеуір военкор болған. ….. әскерінде болған. Содан шегініп Брест әскерінде қалды деген дерек бар. Ол кезде өзі бір ақ көше болатын. 80 үй болатын. Енді қазір өстіа қой. Бірақ көше сол қалпында қалды. 1,5 шақырымдай болады көше ұзындығы.”

Сондай-ақ оқыңыз: