Қаламгермен жүздесу

Кеген ауданында қазақ журналистикасының көрнекті өкілі, «Құрмет» орденінің иегері Жақыпжан Нұрғожаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті.

Мәдениет үйіне жиналған қауым алдымен Кеген халық театры дайындаған қойылымды  тамашалады. Сахналық көрініс қаламгердің ғибратты ғұмыры мен шығармашылық жолынан сыр шертті. Әдеби-сазды кеште жазушының 7 томдық таңдамалы шығармалар жинағының тұсаукесері болды.  Бұл іргелі еңбекке автордың көпжылдық зерттеулері, публицистикалық мақалалары мен әдеби шығармалары топтастырылған.  «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі мен елімізге белгілі өнерпаздар халық әндері мен классикалық туындыларды орындады.

Жакыпжан Нургожаев. 80 лет 


ҚАДЫРБЕК ҚҰНЫПИЯҰЛЫ 
ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ 
«Өте бір мағыналы, бір керемет әсер қалдырды. Әсіресе, халықтың құрметі, зор ықыласын көрдік. Осылардың ішіндегі ең бір қуанышты жағдай — бүгінгі ресми шығармашылық кешінде Жақыпжан Нұрғожаевтың таңдамалы шығармаларының тұсаукесері болды.  Ең бір қуанышты сәттердің бірі — қазіргі Өжек Жаңабаев атындағы Кеген қазақ орта мектебінде ағаның атында кабинет ашылды. Ол кабинетке ағаның бүкіл кітаптары, аға туралы жазылған естелік кітаптар, дүниелері қойылып, сондай бір оқушылармен ғажап бір жүздесу болды»

Сондай-ақ оқыңыз: