Тазалық акциясы

Райымбек ауданында «Тазалық күндері» экологиялық акциясы аясында туристік аймақтарда ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды. Таулы өлкенің көз тартар көрікті жерлері мен көктемде құлпыра жайнайтын демалыс орындарын таза ұстау — табиғатқа деген жанашырлық пен туған жерге деген құрметтің айқын көрінісі. Игі іске аудан тұрғындары бір кісідей жұмылып, қоршаған ортаны көркейтуге белсене атсалысты. 

Екі күнге жалғасқан тазалық шаралары Шоғансай, Шәлкөде жайлауы, Ақкөл, Қарасай демалыс орындары мен Тұзкөлдің айналасында жүргізілді. Жалпы 700-ге жуық адам жұмылдырылып, арнайы техникалар тартылды. Туристер жиі келетін аумақтар қоқыстан тазартылып, санитарлық жағдайы ретке келтірілді.


ДАСТАН ҚҰДАБАЕВ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 
“Жалпы, осы Шәлкөде аймағының өзіне ғана 300 адам бүгінге келді. Бұдан бөлек, Тұзкөл аймағында, Хан-Тәңірі аңғарында және Шоғансай аймағында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс ертеңде жалғасын табатын болады.“

Тазалық жұмыстары барысында демалыс орындарының аумағы тазартылып, көл жағалауларынан және жол бойларынан тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Ұйымдастырушылар «Мұндай шаралар осымен тоқтамай, әлі де жалғасады» дейді. 

МҰХИТ ЖУСАНБАЕВ
ҰСТАЗ
“ біздің аудандада мінекей Хан-Тәңірі, Шоғансай, Ақкөл демалыс  орындарындағы шашылған мусор, түрлі-түрлі жаңағы бытовой расход дейміз ғой жаңағы солардың барлығын жинауға 300-дей адам жұмылдырылды. Барлығы аталған жоспар бойынша тазалық жұмыстарын жүргізді. Енді бұдан кейінде болашақта мусор тазалайтындай емес,  әр адам өзі мусор тастамайтындай тәрбиеленуі керек» 

«Тазалық күндері» акциясы  қоршаған ортаны қорғап, туристік әлеуетін арттыруға арналған игі бастама. 

Сондай-ақ оқыңыз: