Райымбек ауданынан 90 жыл
Алматы облысында айтулы мерейтойлар легі биыл Райымбек ауданының 90 жылдығымен жалғасады. Қонаев қаласында өткен брифингте Мәдениет басқармасының басшысы Әнуар Үмбетәлиев пен аудан әкімі Дастан Құдабаев мерейтой аясындағы негізгі жобаларды таныстырды. Биылғы мерекенің басты ерекшелігі — «Хантәңірі қазынам» жобасы арқылы өңірдің туристік әлеуетін кеңінен насихаттау. Негізгі мерекелік шаралар 5-сі мен 11-ші шілде аралығында өтеді. Жыл басынан бері «90 жылдыққа – 9000 ағаш» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, Мұқағали Мақатаев пен Оразалы Досбосыновқа арналған жыр мүшәйралары мен айтыстар өткізілді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен ғылым салаларын дамытуға арналған форумдар жоспарланған. Мерейтойдың шарықтау шегі — Шәлкөде жайлауында өтетін «Хан Тәңірі қазынасы» фестивалі. Ауқымды шарада ұлттық спорт ойындары, пресс-турлар ұйымдастырылып, шетелдік қонақтарға ауданның көркем табиғаты мен туристік мүмкіндіктері таныстырылады.
ДАСТАН ҚҰДАБАЕВ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
«Хан Тәңірі қазынасы» деген фестивальді ұйымдастырамыз деп жатырмыз осы 90 жылдықтың аясында. Ол біздің жылда атап өтетін сол ауданның өзіне енші фестиваль ретінде қалыптасатын болады. Енді оның негізгі мақсаты- сол ауданның туристік әлеуетін көтеру. Туризм саласын дамыту бойынша қазір кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Туризм саласын оқыту жұмыстары қолға алынып жатыр. Сондай-ақ, шетелден туристерді тарту бойынша жұмыстар жүріп жатыр