Бильярдтан халықаралық жарыс
Алматыда билъярдтан «Әлем қырандары» халықаралық турнирі өтті. 50 жастан асқандар арасында ұйымдастырылған дәстүрлі спорт мерекесіне еліміздің әр аймағы мен Қырғыз елінен келген 17 команда қатысты. Тақырыпты кеңірек тілшіміз толықтырады.
Дәстүрлі билиярд турниріне жалпы саны 128 тастаяқ шебері қатысты. Оған қоса Қырғыз елінен қос команда үміттерін үкілеп келіпті. «Мұнда сан саланың мамандары бас қосып, өз шеберліктерін көрсете жүріп сыр шетріседі. Өзара тәжірибе алмасып, достасады» дейді ұйымдастырушылар.
ҚАЙРАТ МЕЙРАШОВ
«ӘЛЕМ ҚЫРАНДАРЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ВИЦЕ ПРЕЗИДЕНТІ
«50 ден кейін не күреспен, не бокспен, не штангмен айналыса алмайсың. Уже пенцияға шығатын азаматтар осындай ұйымдастырып, команда құрып, араласып құраласып әр жерген пенцияға шыққан азаматттар бар. Арасында прокурор да бар, мұғалімде бар, жазушы да бар, профессорлары да бар бәрі бас қосады»
ТАЛАЙ САМУДИНОВ
ҚЫРҒЫЗ ҚҰРМАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ
«4 жылдан бері Қазақстанның ең жақсы қалаларының бәрін аралап көрдік. Міне бүгін тағы 47 халқаралық турнирге келіп отырмыз. Турнирге Ресейден, Қазақстаннан Қырғызстаннан қатысып жүрген. Алда Өзбектер қосылғалы жатыр. Бұл жарыстың басты артықшылығы көршілес елдердің басын біріктірген жақсы турнир»
Мамандардың айтуынша бір турнир аяқтағанша қатысушылар билиярд столын айналып жүріп 10 шақырым шамасында қозғалыс жасайды. Әрі тастаяқ қырағылықты, мергендік пен ептілікті біріктіретін жоғары деңгейлі интелктуалды спорт.
ЖҰМАБЕК БАСТАУБАЕВ
«БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Мұндай спорт адамның жалғыз денсаулығы емес, бәрін біріктіретін алаң. Негізінде демеуші «Байтақ» жасылдар партиясы. 11 жыл болды жыл сайын осы турнир бірнеше рет өтеді»
Ережеге сай жарыста жеңімпаз атанған 8 команда медаль кубоктармен сондай-ақ, бағалы ақшалай сый ақымен марапатталады.