Манаш Қозыбаев мұрасы

Алматыда көрнекті тарихшы, академик Манаш Қозыбаевтың соңғы жылдары жинақталған рухани мұрасы таныстырылды. Айтулы еңбек «Уақытпен сырласу» деп аталады. Кітапта ғалымның 1961 жылдан 2001 жылға дейін әр сала өкілдеріне, тіпті ел басшыларына жазған хаттары басылған.  Алматыдағы Президент архивінде өткен тұсаукесерге тілшіміз де қатысып қайтты. 


Манаш Қозыбаев 1931 Қостанай өңірінде туған қазақтың көрнекті тарихшысы. Ұлттық ғылым академиясының академигі. ҚР Еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Кезінде тарих және этнология институтын басқарған, жоғары кеңеске депутат та болған. Зиялы қауым академиктің  қайраткерлігі мен  ғылым жолындағы жемісті еңберктерін жарыса сөз етті.  


НӘБИЖАН МҰҚАМЕТЖАН 

ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
«халықтың түбірлі мүддесі үшін жүрек қанын сарп етіп, құлшыныспен қызмет еткен. Тәуелсіз Қазақстан республикасын қалыптастыру, елді құлдық санадан арылту, ұлттық теңдік сананы жаңғырту жолында орасан зор қызмет атқарғаны оның хаттарынан анық байқалады»

ҚАНАТ ӨСКЕНБАЙ

ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР
«91 жылдан бастап жаңа құазақстан трихын жазу мәселесі туындады. Сол кезде Манаш қозыбаев осы мәселені өзі қолға алып жасады. «Ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін» деп аталатын кітап орыс қазақ екі тілде жарық көрді. Бұл еңбек біз үшін өте құнды»

«Уақытпен сырласу» атты хаттар жинағын оның перзенті, белгілі тарихшы Ілияс Манашұлы әзірлепті. Айтуынша мұнда осыған дейін еш жерде жарияланбаған тарихи құнды мәліметтер бар.

 ІЛИЯС ҚОЗЫБАЕВ
ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР              
«Бір оншақты хат бұрын жарияланған. Көбісі жарияланбаған хаттар. Тағы бір ерекшелігі жеке хаттармен хатар бірнеше адамның атымен жазылған хаттар. Олардың көбі баспасөз беттерінде жарияланған. Немесе билікке жолданған. Олар ұлт мәселесі халқаралық қатынастар, Түркістан қаласы, астанаға көшіру мәселесі жөнінде сияқты сол кездегі ең маңызызды мәселелерге арналаған»

Шара барысында зиялы қауым өкілдері ғылыми айналымға түскен айтулы еңбектің мазмұны мен маңызы туралы кеңінен пікір алмасты. 

Сондай-ақ оқыңыз: