Еңбек ардагеріне құрмет

Алматы облысының дамуына, соның ішінде энергетика мен құрылыс саласына өлшеусіз үлес қосқан ардагер инженер Стахан Белғожаев жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды. Бүгін өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев ақсақалдың иығына шапан жауып, Президенттің Жарлығымен берілген 1-дәрежелі «Барыс» орденін салтанатты түрде табыс етті. Стахан Белғожаевтың еңбек жолы - тұтас бір тарих. Ол өткен ғасырдың 60-шы жылдары Шардара су электр станциясынан бастап, кейін  Қапшағай және Мойнақ ГЭС-терінің, Бартоғай су қоймасы мен Үлкен Алматы каналының құрылысына  жетекшілік еткен. Бүгінгі Қонаев қаласының қалыптасуы мен дамуына да осы білікті инженердің қосқан үлесі зор. Мерейлі 90 жасқа толған гидроэнергетик тек құрылысшы ғана емес, миллиондаған шаршы метр тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар салған нағыз еңбек адамы. 


МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«бұл кісі өте замануи ГЭС-тарды салды  десек болады. Өйткені, экологияға зияны жоқ, қазіргі күнге қазіргі талапқа сай ГЭСтар. Бұл кісінің енді бүгінгі күнге дейін энергиясы әлі де тасып тұр деп айтсақ болады. 90-ға келсе де мерейтойында, біздің  қоғамдық жұмысқа өте белсенді қатысуда. Алматы облысының тек қана өзінің осы туған жері емес, жалпы бүкіл облысқа, қоғамдық жұмысқа жақсы қатысып жүр»


СТАХАН БЕЛҒОЖАЕВ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ
«бүгін өте қуаныштымын. Шын мәтінде мұндай қуаныш  болған емес менде. Енді мынау өзімнің шәкірттерім, өзімнің адамдарымның бәрі келіп құттықтап жатқанына мың мәртебе  рахметімді айтамын. Ризамын. Оларға құдай жақсылық берсін. Денге саулық берсін, халқына еңбек ете берсін»

Сондай-ақ оқыңыз: