Балық зауыты ашылды

Жамбыл ауданы,  Қарғалы ауылында балық өңдейтін жаңа зауыт іске қосылды. Қазірдің өзінде кәсіпорында он бес адам тұрақты жұмыс істейді. Өңірде балық шаруашылығын дамытуға серпін беретін бұл жоба – ауыл экономикасына тың тыныс әкелген маңызды бастама. Заманауи технологиямен жабдықталған кешен  нарыққа сапалы өнім шығаруды көздейді. 

Акваөсіру саласына мемлекет енді балық шабағын өсіруге, арнайы жеммен қамтамасыз етуге, аналық қорды сақтап-күтіп баптауға және асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуға қаржылай қолдау көрсетеді. Ал ауданда іске қосылған жаңа балық шаруашылығы кешені де  осы қолдауды тиімді пайдаланып, субсидия алуды жоспарлап отыр. 

БАҚЫТНҰР БАҚЫТҰЛЫ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
“2025 жылы жергілікті бюджеттен акваөсіруді қолдауға 380 млн. теңге бөлініп, толық игерілді.  2026 жылы салаға 315 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күнге 51,1 млн. теңге төленді. Бұдан бөлек, инвестициялық салымдарды субсидиялауға 210 млн.теңге қарастырылған.”


Ірі инфестициялық жоба Европалық технологиямен жұмыс істейді. Мұнда форель мен бекіре тұқымдас балық түрі өсіріледі. Жоба құны - 450 млн. тенге. 


АҚЖАН АНАПИЯ
ТІЛШІ 
“Балық өңдеу ісінде тазалық пен сапа басты талап. Сондықтан өндірісте қолданылатын су  әуелі озонмен өңделіп, кейін ультракүлгін сәуле көмегімен толық тазартылады. Осындай көпсатылы жүйе өнімнің табиғи сапасын сақтайды.” 


Ендігі жоспар - ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету. Мамандардың айтуынша, өндіріс орны ішкі сұранысты қамтып, болашақта экспорт көлемін арттыруға да мүмкіндік береді.

ДӘУЛЕТ ЖАРАСБАЕВ 
КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ 
«Құрылысынан бастап, мәреге жету үшін 3 жылдай уақыт өтті. Икраны Европадан алып клееміз де, осы жерде өндіреміз өзіміз. Өндіріс қуаты жылына 185-200 тонна аралығында.


Бір жылда облыста балық  шаруашылықтары  саны  35 пайызға арты. Бұл салаға кәсіпкерлердің қызығушылығы артып келеді. Облыста 53 шаруашылық балық өсіру ісін жолға қойып, жалпы өндірістік әлеуеті 11 мың тоннаға жетіп отыр.  
Ақжан Анапия, Алмас Әбдешов, Қонаев медиа

Сондай-ақ оқыңыз: