Заңсыз балық тәркіленді
Алматы облысында балық аулауға салынған тыйымға қарамастан, браконьерлік деректер азаймай тұр. Еңбекшіқазақ ауданында жүргізілген кезекті рейд барысында инспекторлар күдік тудырған жеңіл көлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде жүксалғыштан 51 келі заңсыз ауланған балық табылды. Мамандардың айтуынша, тәркіленген балықтар әлі уылдырық шашып үлгермеген. Сонымен қатар, көліктен Қызыл кітапқа енген шоқыр балығы да анықталған. Аталған дерек бойынша барлық заңсыз ауланған балық тәркіленіп, мөрленді. Қазіргі уақытта материалдар тергеу амалдарын жүргізу үшін полиция органдарына жолданды.
АСУАН СҮЛЕЙМЕНОВ
БАЛҚАШ-АЛАКӨЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Инспекциямен 100 ден астам рейдтік іс-шара жүргізілді. Оның ішінде 45 факт анықталды. 43 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 қылмыстық іс қозғалды. Еңбекшіқазақ ауданында құрып кету қаупі бар жануарлар тізбесіне еңгізілген яғни қызыл кітапқа еңгізілген пілмай балығымен ұсталды»