Жол мен ауызсу мәселесі

Қарасай ауданы, Шалқар ауылында өзекті мәселенің бірі - көше құрылысы. “Жаңа үйлер салынғалы он жыл болса да  көшемізде асфальт жоқ” – деп шағымданған ауылдықтар,  әкімдіктен жүйесіз инфрақұрылымды реттеуді сұрады. Толығырақ тілшіміз тарқатсын. 

АҚЖАН АНАПИЯ
 ТІЛШІ 
“Көктем келсе, ауылда  шұңқыр көбейеді. Алайда тұрғындардың шағымы бұнымен шектеліп тұрған жоқ. “Көшеміздің аты жоқ” - деп шырылдаған ауыл адамдарының айтуынша мұнда жедел жәрдемді шақырудың өзі әбігер


Көктемде көше лайланып кету мәселесі бұрыннан бар, ал ескі ауыз су құбырын қайта жаңғыртып жатқалы жер опырылып жатыр. Бұл жаяу жүргіншіге де, зуылдап өтіп жатқан көлікке де қауіпті. 


ГҮЛЖАНАТ МАХАМБЕТОВА  
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«Тастар төседі. Жолдың түрі мынау. Осы жазды пайдаланып, бізге бірәнрсе жасап берсе, асфальт төсеуді сұрап отырмыз. Көшеміздің аты да жоқ. Көшемізге ат керек. Ешқандай атап жүрген жоқпыз. Жәй ғана участок. Бізге даже скорый да келмейді. Такси да келмейді. Жол жоқ өйткені.»

Әлбетте, бұл тұста ауызсу лайға айналып, тутынуға жарамсыз болатыны анық. Қазір тұрғындар суды тасып ішіп отыр. Жаңбыр жауса, жағдай тіпті қиын. 

АҚМАРАЛ ҚОЖАБЕКОВА 
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ 
«Көргенде бірақ судан көріп жатырмын қорлықты. Қыс болса бізде шұға. Қатса бтті 1-2 апта сусыз отырамыз. Қарды ерітіп ішетін күйге жеткенбіз шыны керек. Каждый су ағызған сайын лай, балшық ішінде құты да бар, шөб де бар , басқасы да бар. Соның арқасында стиралкам да сынып қалды.»


Аталған мәселе шешілмей жатып, асфальтты армандаған тұрғындар әкімдіктегілерге наразылығын білдірді. «Ауылдағы 44 көшенің орташа жөндеу жұмысына 2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Жыл соңына дейін жұмысты аяқтаймыз» дейді жауаптылар. 


БЕКЗАТ КӘРІМОВ 
ҚАРАСАЙ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 
«Таудың суы бұл жерде жалғыз Шалқар ғана емес, Қайрат және Жандосов ауылдары да бар. Бізде сел жүріп кетеді білесіздер. Жаңбыр жауғанда бұлақ та лайланып кетеді. Ескі жатқан трубалардың барлығын ауыстырамыз. Жаңадан скважена бурить етеміз. Соның барлығымен біз халыққ су береміз.» 


АЛМАЗ ЖАМБАУОВ 
ЖАНДОСОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ 
«Көше аты мақұлданды. Енді тұрғындар архитектурныйға келіп, справкаларын алып, ары қарай цонға жаңа гос акт алуға құжаттарын тапсыруы тиіс. Заявканы беріп қойғанбыз асфальт төсеуге. Қаражаты қашан беріледі,сол кезде жұмыстарына кіірісетін боламыз.» 


Осылайша ауыл тұрғындары мен жергілікті атқарушы билік арасында диалог орнап, басшылық жыл соңына дейін нәтиже болатынын алға тартып отыр. Одан бөлек, көшеде көлік көп. Осы себепті, тұрғындар жол жиегіне арнайы белгі орнатуды, сондай-ақ балаларға арналған ойын алаңқайын салу мәселесін көтерді.

Сондай-ақ оқыңыз: