“Жаңбыр жауса жер асты суы көтеріліп, тартылуы қиын, үй қабырғалары көгеріп кетеді”
“Жаңбыр жауса жер асты суы көтеріліп, тартылуы қиын, үй қабырғалары көгеріп кетеді". Осылай деп Іле ауданындағы “Достық” саяжайының тұрғындары арнамызға шағымданды.Бұл биыл ғана көтерілген мәселе емес. Тілшіміз Ақжан Анапия тұрғындармен тілдесіп, мәселенің мән-жайын анықтап қайтты.
АҚЖАН АНАПИЯ
ТІЛШІ
“Бар мәселе бұл аймақтың бау-бақша серіктестігіне жататынында, әкімшілік тұрғыда ауыл санатына кірмейтінінде болып тұр. Көріп тұрғандарыңыздай жер асты суынан сазды жер көбейген. Тұрғындар бұл мәселені көтеріп жүргеніне биыл төртінші жыл. Балаларға қауіпсіз болсын деп ауыл адамдары мұндай жерлерді қоршап қояды.”
Ауыл мәртебесін алмаған саяжайда 25 мыңнан астам тұрғын бар. Кез келген үй ауласына кірсең, аяқ басып жүрер жер жоқ. Ал ылғалдан үй қабырғалары көгереді. Мұның салдары бронхит, аллергия сынды аурудың асқынуына алып келуі әбден мүмкін. ”5 жыл бұрын зауыттың салынғанда үлкен арықтың жабылды. Содан саяжайды су алды ” - дейді тұрғындар.
ТҰРСЫНХАН ҚАДІРОВА
САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
«Дружбада тұрғаныма 28 жыл міне 30 жыл десем де болады. Мына қалай завод түсті, мына су мәселесі бізде проблема болып жатыр. Қалай көктем шығады су басады бізді»
БӘТИҚА МЕТЕРБАЕВА
САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
«Сұмдық. Күніне 2 рет, айна 2 рет сливпен сорғызамыз. Соның өзінде де толып тұр қазір. Туалет ол. Былтыр құлап кетп, былтыр 2-3 бетон салып жасатқызып едік, ол да лықа толып тұр»
Тұрғындар бау-бақша өсіруді ұмытты. Ал кейбір үйлердің жертөлесі судан құрғамайды.
НҰРАХМЕТ МҰСАЕВ
САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
«Әркімнің кредиті бар, тірлік бар, бала шаға бар. Оған енді күшіміз жеткенше істеп жүрміз. Сырость жүріп жатыр. Мына үйдің міне бұрышында да сырость. Ызғарүйдің ішінде. Балалар астма бола ма деп қорқасың. Білесіз ғой енді. Неше балаңыз бар? 2 балам, төрт немерем бар. Иә мына жрде тұрамыз енді.»
Тұрғындар құтқару қызметіне күн сайын сайын шақыртады. Мамандар ауланы судан тазартуға кемінде 10 мың теңге алады. Бұл - нағыз машақат. Бір техника жүздеген отбасының мәселесін шешпейді.
ТҰРСЫНХАН ҚАДІРОВА
САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
«Сендер қалай халықты кінәләйсыңдар. Біз бала-шағамызды бағамыз ба әлде арық жасаймыз ба, попымен алғанда оны қайда төгеміз.»
МАЙРА СҮЛЕЙМЕНОВА
ДОСТЫҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
«Енді оны сізге акимат істеп беру керек па, біз оның бәрін ақша шығарып өзіміз істеу керекпіз.»
Ауданда ауыл мәртебесін алмаған 23 елді-мекен бар. Ал Достық саяжайы қазір Асқар Тоқпанов ауылдық округіне қарайды. Саяжайға ауыл мәртебесін беру жұмысы жүріп жатыр дейді әкімдіктегілер.
АҚСҮЙГЕН ЖАҒЫПБЕРДИЕВА
АСҚАР ТОҚПАНОВ АУЫЛДЫҚ ОКРІГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Бұл кісілердің өзлерінің жарғысы бар. Өздерінің төрайымы бар. Барлығы бірлесе отырып аталған жұмысты жүргізу кеерек. Екі жыл алдын арық жүргізу туралы шешм қабылданған, бірақ ешкім қолға алмады»
Мәселенің тиімді шешімі көше бойына арнайы арық жүйесін жүргізіп, жаңбыр мен еріген қар суларын уақытылы ағызу. Тұрғындар жергілікті атқарушы органдардан нақты әрі шұғыл көмек көрсетуді сұрап отыр.