Диқандарды қаржыландыру
Қазақстанда көктемгі егіс науқанын қаржыландыру биыл рекордтық көрсеткішке жетті. Үкімет егін егу жұмыстарына 750 миллиард теңге бөліп, қолдау көлемін 5 есеге арттырып отыр. Мемлекеттің бұл демеуі Алматы облысының аграрлық секторына да үлкен серпін берді. Биыл өңірімізде 438 мың гектар алқапқа дән себіледі. Қазірдің өзінде егістің 80 пайызы егілді. Биыл диқандар жүгері мен мал азығына басымдық берген. Шаруаларға қаржылай қолдау мақсатында «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 5 миллиард теңгеге жуық жеңілдетілген несие берілді. Бұл қаражат техниканы жаңартып, жанармай мәселесін шешуге сеп болды. Мәселен, егіс даласында 13 мыңнан аса техника жұмыс істеп тұрса, жыл басынан бері машина-трактор паркі тағы 200-ден астам су жаңа агрегатпен толықты. Ал диқандар үшін дизель бағасы 277 теңге болып бекітілді. Биылғы науқанның тағы бір ерекшелігі – су үнемдеу технологияларының қарқынды енгізілуі. 80 мың гектар жерге заманауи тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісі қолданылуда. Сонымен қатар, Қонаев қаласы мен іргелес аудандарда егін қауіпсіздігі үшін шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары да қатар жүріп жатыр.
ЕРКІНБЕК ДӘУІТҚҰЛОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қаржылай көмек ретінде бізде Кең дала 2 бағдарламасы бар. Биылғы жылы көктемгі-күзгі дала жұмыстарына 10 млрд теңге бөлінген болатын оның 7,6 млрд теңгенің өтінім беріп уже 3,6 млрдын біздің тауар өндірушілер уже алды өздеріне. Біздегі енді ең күрделі мәселе су үнемдеу мәселесі өздеріңіз білесіздер, 25 жылда 66,6 мың гектармен аяқтаған болатынбыз биылғы жылы 13 мың гектар қосып отырмыз оған»