Қанды оқиға

Талғар ауданында 24 жастағы азамат кісі қолынан қаза тапты. Қанды оқиғаға ер адамдар арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған. Салдарынан Нұра ауылының тұрғыны пышақ жарақатынан ауруханада көз жұмды. Марқұмды жақындары жер қойнына тапсырды. Артында жары мен егіз екі қызы қалды.Оқиға туралы хабар түскен бойда полицияның барлық сыртқы жасақтары жұмылдырылып, бақылау бекеттері қойылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде марқұмның үш ауылдасы күдікті ретінде ұсталды. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.


АЛМАГҮЛ НҰРҒИЗАТ 
АНАСЫ
Балапанымнан айрылып бүгін жер қойнына тапсырып жатырмыз. Мағанда оңай меес, өзім жалғыз басты анамын. Төрт балам бар артында. Енді не болар екен деп уайымдаймын. Сондықтан әділ шешім болса менің тілейтінім сол.

ЕРНАР САЙДІЛДИН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ 
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.Тергеу аясында оқиғаға қатысушылар мен куәгерлердің жауаптары мұқият тексерілуде»

Сондай-ақ оқыңыз: