Мектептегі жанжал
Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы орта мектептердің бірінде болған жанжалға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Әлеуметтік желіде тараған видеода оқушының ер адамға қол көтеріп, соққы жасағаны бейнеленген. Осы оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті түсініктеме берді. Төбелес 16 қаңтар күні болған. Салдарынан ер адам дене жарақатын алады. Түскен арыздан кейін оқушы заңды өкілдерімен бірге бірден полиция бөліміне жеткізілген. “Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға үшін тергеу амалдары жүріп жатыр” деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ЕРНАР САЙДІЛДИН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ
Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады. Сонымен қатар, іс сотта қаралғаннан кейін материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданып, оқушыны профилактикалық есепке қою мәселесі қаралады. Сондай-ақ сотпен ата-анасының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі»