Білім мен әдеп

Қонаев қаласында білім беру жүйесіндегі құқықтық реформалар мен ұстаздардың мәртебесі талқыланды. Орта мектеп-гимназиясында өткен конференцияда жаңа Конституция аясындағы өзгерістер мен білім сапасын арттыру мәселелері сөз болды. 

Басқосуда мектептегі тәртіп пен заң талаптары бірінші кезекке қойылды. Мамандар жаңа Конституцияның басты бағыттарын түсіндіріп, мұғалім мәртебесін қорғаудың жолдарын көрсетті. Әсіресе, білім беру жүйесінің зайырлы сипаты мен ұстаздардың еркін жұмыс істеуіне қажетті құқықтық негіздер  сөз болды.


АҚМАРАЛ БАҚЫТҚЫЗЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Жалпы, бүгінгі біздің отырысымыз тәжірибе алаңы деуге де болады. Бұл жерде бізге жаңа Конституциямыздың қабылдану бойынша талқылау жүргіздік. Әдеп кеңесінің отырысы болды. Яғни, әдеп кеңесінің әр білім беру ұйымданыда өздерінің әдеп кеңесінің төрағалары бар»

Конференцияда тек теориялық мәселелер ғана емес, сонымен қатар мұғалімдердің күнделікті қызметіне қатысты заңдық талаптар да сөз болды. Мектеп басшылары үшін басты басымдық - ұстаздың қағазбастылықтан арылып, тек білім сапасына көңіл бөлуін құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету.

ГҮЛДАРИҒА ЖАҚСЫМБЕТОВА
№1 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«қазіргі енді конференциядағы ең басты шешім, бұл заңдық талаптарды сақтау, яғни осы конституциялық қағидаттарды сақтау арқылы мұғалімдердің негізгі өз кәсібімен айналысу, яғни, болашақ ұрпаққа сапалы білім беру мәселесі қозғалды. Және сол мәселе бойынша шешім қабылданып, ең бастысы әрбір педагог заңды сақтай отырып, өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру керек»

ҮМІТ МОЛДАХАНОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕП КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ
«сабақ кезінде кезекшілігін ұйымдастыру мәселесі жақсы қарастырылды. Бұл бойынша бірталай ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар, конституциялық негіздерді ілгерілету мақсатында да, білім сапасын арттыру мақсатында қалай, қандай жолдары бар, қандай тиімді жолдары, қалай  жасауға болатыны туралы айтылды»

Жиында білім беру мекемелеріне жүргізілетін мемлекеттік аттестаттаудың жаңа ережелері де таныстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер педагогтар мен білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, саладағы заң бұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізбек.

Сондай-ақ оқыңыз: