Шегіртке қырғыны
Ұйғыр ауданында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Биыл аудан бойынша жалпы 9 460 гектар алқапты химиялық өңдеуден өткізу жоспарланған. Мамандардың мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 3 мың гектар алқапта саяқ шегіртке дернәсілдерінің жаппай шығуы тіркелген. Зиянкестерге қарсы күрес шараларына 4 арнайы техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда 2 700 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 1 550 гектар алқап жер үсті техникалары арқылы өңделсе, 1 150 гектар жер авиациялық жеңіл ұшақтың көмегімен залалсыздандырылған. Сала мамандары аудан аумағындағы фитосанитарлық жағдай тұрақты бақылауда деді.
АРДАҚ ЫРЫСКЕЛДІ
ҰЙҒЫР АУДАНДЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Бүгінгі күнге 3 мың гектар алқаптан саяқ шегіртке дернәсілдерінің жаппай шығуы анықталып, 27 сәуірден бастап химиялық өңдеу жұмыстары басталды.Жұмыстарға жалпы 4 техника жұмылдырылған. Атап айтқанда, 2 ВАЗ автокөлігі, 1 трактор және 1 авиациялық жеңіл ұшақ тартылды»