Іле Алатауында «Бұтақты» визит-орталығы өз жұмысын бастады
Туристер үшін тағы бір қолайлы жағдай жасалған заманауи нысан бой көтерді. Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына орай «Бұтақты» визит-орталығы өз жұмысын бастады.
Іле Алатауы ұлттық табиғи паркінде жаңа визит орталық . Енді табиғаттың сұлулығын көріп, демалуға келген туристер осы жерге аялдап ақпарат ала алады. Тамақтану орындары, тимбильдинг пен шеберлік сабақтарына арналған алаңдар. Бір сөзбен айтқанда саяхатшылар үшін барынша қолайлы жағдай жасалған.
Бұған дейін саяхатшылар үшін аялдап, демалатын арнайы орын болмаған. Жаңа жоба аясында тау бөктерінің инфрақұрлымы әлдеқайда дамып, туристерге жаңа жағдай жасалуда. Мәдени бағдарламалар өткізуге арналған алаңдарға, заманауи қоғамдық санитарлық бөлмелерге ерекше назар аударылған.
«Екі жыл бұрын осы жаққа келгем дым болмаған. Мына жерге плед жайып отыратынбыз. Мен білген жоқпын ашылғанын. Бірақ ұнады. Төменнен көтерілгенде қолымызда сок су болған жоқ осы жақтан алуға болады.»
«Баянауылдан осы Алматыға 1 ай болды қыдырып келгеніме. Содан осы жердің ашылатын естіп балаларым көріп тамашалайық деп алып келді. Өте ғажап, ұнап жатыр. Ауа райы ғажап, біз сияқты үлкен кісілердің денсаулығын түзеуге болады екен.»
«Барлық жерде осындай болса. Қазақстан дамып жатыр. Туристерге жақсы демалыс орны сияқты.»
Жоба аясында 20 жаңа жұмыс орны ашылды. Ең маңыздысы жаңа инфрақұрылым жүзеге асырылып басталғалы өңірге келушілердің саны 3 есеге артқан. Бұған қауіпсіз, қолжетімді, заманауи туристік ортаны қалыптастыруға арналған осындай ірі жобалар оң әсер етуде дейді мамандар.
ДАНИЯР ТҰРҒАМБАЕВ
ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Елімізде 14 ұлттық парк бар, 10 қорық бар, 8 қаумал бар. Ең біріншіден экология бұл жерде экологиялық тәртіп. Үйткені осы табиғатты қорғау ол тазалық тазалаған жерде емес тазалық сақтаған жерде таза болады. Сондықтан ең бірінші ағарту жұмысын тәрбиелік жұмысымен жолға қою керек. Бұл визит центрдің де осы бағыттағы атқаратын үлкен рөлі бар.»
Қазір Ұлттық парктерде 6 визит орталық саяхатшыларға қызмет көрсетуде. Әйтседе отандық туризмді дамытуға арналған жаңа жобалар мұнымен тоқтамақ емес. Алдағы уақытта Үлкен Алматы көлі аумағында дәл осындай жаңа заманауи нысан құрлысы басталады деп жоспарлануда.