Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық науқан өтті
Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды экологиялық науқан өтіп, Сейфуллин көшесінің бойына 3 мың түп қарағай мен терек көшеті отырғызылды.
Игі шараға 300-ден астам адам жұмылы, қаланың жасыл желекке бөленуіне өз үлестерін қосты. Биыл шаһардың жасыл қоры тағы 20 мың түп ағашпен толығып, қала кіреберісінде 7 мың көшеті бар жаңа саябақ бой көтереді деп жоспарлануда. Сонымен қатар «Көшпенділер қаласы» аумағын абаттандыру жұмыстары да қарқын алмақ. Бұл істен тұрғындар да қалыс қалмай, өз беттерімен арнайы аллея құрып, егілген талдарды күтіп-баптауды өз міндеттеріне алды.
БАҚЫТНҰР БАҚЫТҰЛЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Жалпы, облыс бойынша осы наурыз-сәуір айларында бізде барлық аудандарда осы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына сай ағаш отырғызу жоспары көзделген. Одан бөлек, «Таза Қазақстан» акциясының шеңберінде 23 наурыз күні біз «Мөлдір Бұлақ» акциясы ашылып, бұлақтардың көздерін ашу 6 ауданда өтті. СКЛ Жылдан жылға осы «Таза Қазақстан» аясындағы акцияға сәйкес Алматы облысы бойынша біз қойған жоспарды уақытылы орындауға көздеп отырмыз»
Сондай ақ экологиялық науқан Жамбыл ауданында да өтті. (Видео) Игі іске тұрғындардың қызығушылығы артып, қатысушылар қатары артып келеді. Әр мекеме табиғит тазалығы мен көркеюіне үлес қосуда. Мектептерде оқушыларға арналған ашық сабақтар өткізіліп, қоршаған ортаны қорғаудың маңызы айтылады. Ауданда он мыңға жуық ағаш көшетін отырғызу жоспарланған.
АҚНИЕТ ТУМАТАЕВ
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Енді бүгінгі күнде басты мақсат тек қана ағаштарды отырғызып қана қоймай, оны одан ары қарасай өсіріп, СКЛ егілген көшеттерді егіп, суарып, баптап өсіру де қарастырылған. Жалпы бұл акция бүкіл аудан аумағында таралған. Сондықтан біз осы сәтті пайдала отырып, барлық аудан жртшылығын және қонақтарын осы сенбілікке шығуға шақырамыз.»