Балалар денсаулығы

Алматыда балалар нейрохирургиясына арналған халықаралық конференция басталды. Оған еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты. Конференция сирек кездесетін патологиялар, ауыр неврологиялық және қозғалыс бұзылыстары бар балалардың денсаулығы мен өмір сапасын жақсартуға арналды. Жиында ми ісіктері, эпилепсия және туа біткен даму ақаулары секілді күрделі дерттерді емдеудің заманауи әдістерін енгізу мәселелері талқыланады. Мамандардың айтуынша, елімізде балалар арасындағы тамыр патологияларына байланысты 100-ден астам операция жасалып, 96 баланың өмірі сақталған. Алдағы уақытта бұл әдістерді жетілдіру жоспарланып отыр. Шет елдерден мамандар шақырылып, шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Жалпы, Қазақстанда жыл сайын 17 мыңға жуық  нейрохирургиялық операция жасалады. 

ДАНИЯР АСЫЛБАЙҰЛЫ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ  №2 БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
«Біздің қалалалық ауруханалар мамандар жеткілікті деп ойлаймын. Облыстарда мамандар аз болып табылады. Жылынабіздің аурухананың статистикасын алғанда 1000 нан аса баланы емдейміз. Сол мыңнан аса баланың 600-500 операция жасалынады ота. Күндігіне 2-3 отадан жасап тұрамыз»  

Сондай-ақ оқыңыз: