Серіктестік серпіні

Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялар саласындағы стратегиялық серіктестікті нығайтады.

Шанхайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші компаниялары басшыларымен кездесті.Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс  қарқынды дамып келеді. Мемлекет басшысы Қазақстанның жасанды интеллект, цифрландыру, өнеркәсіп және энергетика бағытында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті. Сондай ақ ол Алатау қаласының даму жобасын айтты. Жалпы Шанхайдағы жұмыс сапары аясында жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам коммерциялық құжатқа қол қойылды. Келісімдер цифрландыру, көлік инфрақұрылымы, қаржы, агроөнеркәсіп және машина жасау салаларын қамтиды.

Сондай-ақ оқыңыз: