Тіл - ел тірегі

Тіл – ұлттың жаны ғана емес, қоғамды біріктіретін маңызды құндылық. Осы орайда Алатау қаласында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – тірегім» атты мерекелік кеш өтті. Тағылымдық сахналық қойылымдар мен өнерткөрмесі арқылы  тілдің тарихы мен бүгінгі қоғамдағы маңызы дәріптелді. Іс-шарада тіл мен ұлттық мұраны сабақтастырған мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылды. Этно-фольклорлық ансамбльдің өнері арқылы халқымыздың рухани құндылықтары дәріптелсе, Абай Құнанбайұлы, Мағжан Жұмабаев пен  Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы ұлттың сөз өнері мен тіл тағдырын жалғаған алтын арқау ретінде көрініс тапты.

РИЗА САУЫРБАЕВА
АРДАГЕР ҰСТАЗ
« Мамандығым қазақ тілі мен әдебиеті, басқа ұлт балаларын қазақ тіліне үйрету. Сол салада 46 жыл жұмыс істедім. Кәріс балаларым қазір қазақша жақсы біледі. Қазақ тілі әлі де асқар тауға шығып, шыңдалады деген ойдамын»

Тіл мерекесіне түрлі этнос өкілдері де қатысты. Бүгінде Алатау қаласында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған игі бастамалар бар. 

РОЗА ӘБІЛОВА
АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ 
«Біздің Алатау қаламызда 65-тен астам ұлт-өкілдері өмір сүріп жатыр. Бірақ та әр ұлт мемлекеттік тілді міндетті түрде білу керек. Өйткені қазақ еліміз бекер айтқан жоқ, тілді білген адамдардың алдында көп есіктер ашылады. Мен өзім басқа ұлт өкілі болсам да, менің ұлтым әзірбайжан, мен мемлекеттік тілді өте бағалаймын, өте құрметтеймін»

ӘДІЛЖАН ӘДІЛХАН 
АЛАТАУ ҚАЛАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Алатау қалалық кітапханасында бүгінгі мерекеге өзінің арнайы көрмесән ұйымдастырып отыр осы Қазақстан халқы тілдеріне арналған. Оның ішінде қазақ тілінің жанашыры болған Асылы Осман апамызға арналған көрме де осында бейнеленген және де мемлекеттік тілде шыққан барлық кітаптар ол әдебиеттер жөнінде де насихатталған болатын. Бүгінгі мерекенің алатын орны ерекше»

Ана тілін ардақтау - келер ұрпаққа аманат ету. Осы аманаттың салмағы әр отбасының сөзінен, әр баланың тілінен, әр азаматтың таңдауынан көрінеді. Себебі тіл ұлттың жадында сақталатын ең қастерлі мұра. 

Сондай-ақ оқыңыз: