Бірлігіміз жарасқан!
Республика күніне орай Ұйғыр ауданында «Егемендік – елдіктің тұғыры» атты салтанатты мерекелік шара өтті. Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиында елдің егемендік жолындағы тарихи қадамы дәріптеліп, бірқатар азамат марапатталды. Салтанатты шарада аудан әкімі Талғат Ескендірұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетті. Мерекелік жиында этнос өкілдері де ізгі тілектерін жеткізіп, бірлік пен татулықтың қадірін атап өтті. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар патриоттық әндер орындап, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Республика күні – елдіктің еңсесін көтеріп, тәуелсіздіктің қадірін ұғындыратын, халықты ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыратын қастерлі мереке.
МАМЫТХАН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ - ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
- Сан ғасырдан арманына айналған, елдің бүкіл тарихын таңбалайтын осы ұлы күн. Сондықтан бүгін қасиеті де, қадірі де ерекше ел ішінде. Сондықтан елімізге ұлы азаттық алып келген алтын күн әрқашан құтты болсын, біздің ұрпағымыз аман-есен өсе берсін.
Сөгілмесін әрқашанда ел-ірге,
Арта берсін Қазақстан шеруде.
Ұлы дала абыройы асқақтап,
Көк байрағым желбіресін көгімде.