Дәстүр — діңгек, татулық — тірек!

Республика күні қарсаңында Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ауылында “Ел бірлігі мен татулығы - еліміздің басты символы” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Елдегі этносаралық татулық пен халық бірлігін нығайтуды көздеген алқалы жиынды ұйғыр этномәдени қоғамдық бірлестігі, Ақсақалдар кеңесі мен Ардагерлер ұйымы бірігіп өткізді. Мерекелік бағдарлама аясында қонақтарға ұйғыр халқының бай мәдениетінен, тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрінен сыр шертетін ұлттық бұйымдар көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан сәбиді бесікке салу, ұзату тойы сияқты әдет-ғұрыптардан қойылған театрландырылған сахналық көріністер жиналғандардың ерекше ықыласына бөленді. Маңызды жиынға облыстық және аудандық мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен ауыл тұрғындары белсене қатысты. Іс-шараға жиналған қауым ұлттық дәстүрлерімізді көздің қарашығындай сақтау, қоғамдық келісім мен ел бірлігін арттыру - бейбіт өмірдің басты кепілі екенін ерекше атап өтті.

ӘРКЕНЖАН ЖҰМАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҰЙҒЫР ЭТНО-МӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
- Бұл іс-шара жастарымыздың арасындағы бірлікті нығайту мақсатында өткізіліп жатыр. Халықтардың достығы, халықтардың татулығы осындайдан басталады. «Ауылым – алтын бесігім» деген ол құры сөз емес, бұда үлкен тарихи мән жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: