100 оқушы Ақордаға барды
Ақорда бүгін елдің түпкір-түпкірінен келген 100 оқушыға есігін айқара ашты. Астанаға арнайы атбасын бұрған бұл жас қонақтар түрлі деңгейдегі пән олимпиадаларының, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары. Сондай-ақ, оқу үздіктері. Елордаға тұңғыш келген жеткіншектер резиденцияның басты залдарын аралап, экскурсия жүргізіп, әрі алып кешеннің архитектуралық айшықтарымен танысты. Оған қоса, Мемлекет басшысының жеке кітапханасына да бас сұғып, құнды кітаптарға назар аударды. Экскурсия соңында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ел президенті атынан жас қонақтарға естелік сыйлықтар табысталды.
БЕЙБАРЫС БАҚТЫБАЕВ ОҚУШЫ
Мен батыстан Орал қаласынан ұшақпен келдім. Ақ ордаға тұғыш келдім. Өте үлкен әдемі жер. Маған қатты ұнағаны кітапхана қандай үлкен маған өте ұнады./
ҰЛАН МАХАМБЕТ ОҚУШЫ
Біз бүгін Ақордаға келдік. Оның іші өз көіңмен көргенге жетпейді екен. Былай теледидардан көргеннен мүлде басқаша. Сөйтіп бала арманымыз орындалып осындай үлкен жерді көріп қатты қуанып тұрсыз. Балалар мереке құтты болсын!