Кеген ауданында Эверестке шыққан альпинистер мен Олимпиада жүлдегерлері өз таңдауларын жасады

Ел тарихындағы жаңа белес. Кеген ауданында Эверестке шыққан  альпинистер мен  Олимпиада жүлдегерлері өз таңдауларын жасады. Сайлау учаскелерінің алдында берекелі жәрмеңке ұйымдастырылып, ғасыр жасаған қариялар ақжарма тілектерін айтты.

Референдумда ғасыр куәгерлері - 104 жастағы Күлпара Шортанова сайлау учаскесіне төрт буын ұрпағымен келіп, батасын берді. 94 жасқа келген Нұрахмет қария мен Күлән әже саяси науқаннан шет қалған жоқ. Ғасыр жасаған кейуана мен ақсақалдардың бұл қадамы — жас ұрпаққа үлкен өнеге.

КҮЛПАРА ШОРТАНОВА
ҰЗЫНБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
“Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ойдағы, қырдағы бала-шағаларымыз, ел-жұртымыз аман-есен болсын. Мемлекеттің қызығын көрсін. Абиырлы азаматтар болсын”

Рухы биік, намысы берік Бөлексаздық шабандоздар бүгін ат тізгінін сайлау учаскесіне қарай бұрды. Көкпардан спорт шебері, Қазақстанның күміс жүлдегері Жанарыс Тобажан бастаған топ ел өміріндегі маңызды науқанда өз таңдауларын айқындады.

ЖАНАРЫС МҰРАТҰЛЫ 
КӨКПАРДАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕРІ 
“Ауылымыздың көкпаршылары келіп референдумға дауыс берді. Жалпы рефендумға келіп, ел ертеңі үшін дауыс беру бәрімізге маңызды. Жаңа өзгерістер еліміздің дамуына үлкен үлесін қосады деген ойдамыз”

Бұл күні №558 учаске нағыз жұлдыздар шоғырына айналды Эверест шыңына шыққан  тұңғыш қазақ альпинисі Қазыбек Валиев пен Олимпиада жүлдегері, аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев бастаған бір топ саңлақ мемлекеттің басты құжатына қатысты өз пікірлерін білдірді. Белсенділік танытқандар қатарында І. Жұмағұлов атындағы мектептегі №568 учаскеге келген  шаңғышылар командасы да бар. Ардагер шаңғышы Бекжан Бақбергенұлы бастаған спортшылар жастарға азаматтық белсенділіктің үлгісін көрсетті. Сондай ақ арнайы ұйымдастырылған жәрмеңке ауылдың берекесін арттыра түсті десеқ артық болмас. Жергілікті шаруалар өнімдерін тиімді бағамен ұсынып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ оқыңыз: