Қамқор әке - бақытты балалық шақ: Есік қаласында әкелер форумы өтті
Есік қаласында Әкелер форумы өтті.Форумға 100 ге жуық әке қатысты. Ұстаздар оқушыларға сапалы білім берумен бірге ұлттық тәрбие бағытын мықтап қолға алып жатқандарын тілге тиек етті. Оның ішінде бала үшін әкенің жөні бөлек, орны ерек. Десе де шәкірттердің үйдегі тәлім-тәрибесіне жұмыс басты әкелер әлі де белсене атсалыса алмай жүр. Сондықтан осы олқылықтың орын толтыру жолдары форумда ортақ талқыға түсті.
ЖӘНІБЕК БЕРКІНДОЛДАҰЛЫ
АТА-АНА
«Менің екі балам бар қазір. Бірі меткепте бірі балабақшада. Енді демалыс күндері болмаса басқа күндері шынымен көп көңіл бөле алмаймыз. Жұмыс дегендей. Десе де бүігнгі форумнан көп ой түйіп отырмыз. Олай болмайды екен. Бұйырса алда балаларға көбірек уақыт бөлуге тырысатын боламыз».
БАУРА КЕНЖЕҒАЛИҚЫЗЫ
ҰСТАЗ
«Біз білім ордасы болғаннан кейін балаға тек білім ғана емес тәрбиені де жән жақты беруге тырысамыз. Ол үшін қазіргі таңда бір ата-аналармен оның ішінде әкелермен тығыз байланыстамыз. Бір әкенің берген тәрбиесін 100 мектепте бере алмайды дейді ғой. Сондықатн әке тәрбиесін алған бала болашақта қателеспейді деп ойлаймын»
Зулаған уақыт көшінде тынымсыз тыпырлаған жұмыс басты әке, шаш етек шаруаның шанағында табаны тозған шаруақор ана, вертуалды әлемде бөгде ғұмыр кешіп, телефон құшақтаған бала. Міне бұл бүгінгі заманның бейнесі. Әке мен бала ортасында айтылар қызықты әңгіме қысқарып, сыр сандық құлыптанған. Әрине көпке топырақ шашудан аулақпыз. Десе де бүгінгі отбасылардың сиқы осы. Сондықтан да әкелер форумын өткізу қажет болды дейді мектеп басшылығы.
ОЛЖАС БЕСБАЕВ
№6 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Отбасы ол жеке мемлекет сол себепті отбасының тірегі ол әкесі. Әкенің отбасындағы, болашақтағы рөлі қандай ол қоғамға өте маңызды. Сондықтан әке тек қана асыраушы болып қалмауы керек. Ол қамқоршы болу керек. Баланың бақытты балалық шағы біздің болашағымыз».
Форумға қатысушылар 5 топқа бөлініп, үлгілі әке болудың жолдарын талқылады. Азаматтар отағасының отбасындағы орны, әке мен бала арасындағы жақсы қарым-қатынас орнатудың амалдары жөнінде пікір алмасты.