Саяжайлар ауыл мәртебесін алуда

Алматы облысындағы саяжайларға ауыл мәртебесін беру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Дегенмен инфрақұрылымдық мәселе әлі де болса өзекті. Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округіне қарайтын «Шиелі» саяжайы ауыл мәртебесін алғалы екі жыл болды. Алайда мәртебе өзгергенмен өміріміз өзгеріп жатқан жоқ. Коммуналдық шығындар қымбат. Әлеуметтік нысандардан еш хабар» жоқ дейді тұрғындар.

Жалпы Талғар ауданы бойынша 139 саяжай болған. 2023 жылы көтерілген бастама аясында бүгінге дейін 78 саяжай елдімекен мәртебесін алған. 108 елдімекен шекарасына кіру мүмкіндігі бар. Қалған 31-і бұл мәртебеге ие бола алмайды. Ал инфра құрлым мәселесі кезең кезеңімен шешіледі дейді сала жауаптылары.

ИЛМҰРАТ ЯРМҰХАМЕДИҰЛЫ   
САЯЖАЙ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
- Біз ауыл мәртебесін алғалы екі жыл болды. Бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Құры сөзбен тұр. Рэс қада энергаз быт қада барып көрдік. Өткізе алмаймыз. Келіп қарап кетеді. Ештеңе шешпейді.

ФАРХАТ ОМАРОВ    
САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ    

Бізге мектеп аурухана керек. Мына мектепте бір кабинетте 5-6 клас оқиды. Жолымызды жөндеп бізге қараса жақсы болар еді.

ЖАНДОС ӘУЕЛБАЕВ
ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
- Инфрақұрылым бойынша саяжайлар елдімекен мәртебесін алғаннан кейін бас жоспарға сай жолын суын, эелектр энергиясын есептеп жобалау жұмыстары жүргізіледі. Ал қазіргі уақытта біз қалған саяжайларға елдімекен мәртебесін алып беру бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Алматы облысында 677 саяжай қауымдастығы бар болса, 2023 жылдан бері олардың 367-сі елді мекендер құрамына енгізілді. Олардың басым бөлігі Алматыға жақын аудандарда орналасқан.

Сондай-ақ оқыңыз: