Іле ауданында «Құндылыққа бағдар: ізденістен өзгеріске» атты халықаралық семинар өтті
Іле ауданында «Құндылыққа бағдар: ізденістен өзгеріске» атты халықаралық семинар өтті. Оған Моңғолия, Түркия және АҚШ-тан келген ұстаздар мен ғалымдар қатысты. Педагогтар бүгінгі білім беру ісін жетілдірудегі өзара тәжірибемен алмасты.
Семинарда ұстаздар тәжірибе алмасып, авторлық жобаларын ұсынды. Қатысушылар ұлттық ойындар арқылы балаларға дәстүрді дәріптеп, оқушылардың топпен жұмыс істеу, сыни ойлау қабілеттерін дамыту тәсілдерін көрсетті.
ШЫНАР ТҰРЫСБЕК
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
«...Ұлттық ойынды ойнап өскен кез келген ұл мен қыз ол біздің ұлттық құндылығымызды болашаққа жалғастырушы үлкен ұрпақ деп білеміз. Енді ұлттық ойындардың ішінде ханталапай, асық ату, бәйге, көкпар, теңге ілу сынды ұлттық ойындарымыз жетерлік»
Сарапшылардың пікірінше, заманауи мектеп тек білім беріп қана қоймай, оқушыларға өмірлік бағдар беруге тиіс. Қатысушылар мектеп басқару мен гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша тәжірибе алмасты.
ГҮЛЖИХАН ИМАНХАТОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Жалпы бүгінгі семинар-практикумның мақсаты ол құндылыққа бағдарланған білім беру тәсілін оқу тәрбие процесіне енгізу. Жалпы мына адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасын сабақ процесіне кіріктіру болып отыр»
Ұстаз міндеті әр оқушыға сапалы білім беру. Ал семинарда таныстырылған жобалар практикада қолданылады.