Газ жарылды: Іле ауданында газ жарылысынан 5 адам зардап шекті

Іле ауданы, Екпінді ауылы, Ескелді би көшесіндегі жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылысынан отбасының 5 мүшесі зардеп шекті. 3 бала мен олардың анасы қазір ауруханада. Олар дәрігерлердің бақылауында.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, жарылыс салдарынан баспананың қабырғалары мен біраз жерлері опырылып қалған. Түтін байқалғанымен, ашық жалын орын алмаған. Қазір жергілікті атқарушы орган тарапынан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2 миллион теңгеге дейін материалдық көмек көрсету мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ, отбасының уақытша тұруға жарамды баспанасы бар екені анықталып, қосымша тұрғын үйге қажеттілік жоқ екені белгілі болды. Әкімдік қызметкерлері бірден ауланы тазалап, қоқыстарды шығарып тастады. Алда үйді қайта қалпына келтіру үшін демеушілерді тартпақ. Аталған дерек заңнамаға сәйкес тіркеліп, құқық қорғау органдарына жолданған. Қазір тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыз: