Бала тәрбиесі
Талғар ауданындағы «Айгөлек» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда заманауи білім берудің тиімді нәтижелері» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарда тәрбие ісіндегі заманауи инновациялық технологиялар талқыланды. Әсіресе балалардың гаджеттерге тәуелділігін азайтатын амалдар қаралды. Бүлдіршіндер өздері алған білім мен тәрбиені түрлі сахналық көріністер арқылы көрсетіп, шағын қойылымдар ұсынды. Ал ұстаздар тәжірибе алмасып, жаңа әдістемелер мен жұмыс тәсілдерін ортаға салды. Қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Мамандардың айтуынша, әр оқу жылы әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жаңартылып, білім беру бағдарламалары үнемі жетілдіріліп отырады. Бүгінде облыста 1135 балабақша жұмыс істейді, оның 996-сы жекеменшік. Барлық мектепке дейінгі ұйым ортақ білім беру стандартына сай тәрбие жұмысын жүргізеді.
ГҮЛІМ ҚАЙРАТҚЫЗЫ
ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
«Семинар практикум мақсаты жалпы педагогтердің кәсіби құзыретін арттыру. Және жаңа инновациялық технологияларды үйрену арқылы, дегагогтер өздерінің практика жүзінде жүзеге асыру болып табылады»
АЙЗАТ ЕРДӘУЛЕТОВА
ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Ай сайын облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 37 бүгінгі күнге дейін, 37 тәжірибелік алаң ұйымдастырыладытн болса орың әр қайсысына 100 педагогтен қатысады. Бүгінгі күні 1008 педагог осы іс тәжіриьесмен бір-бірімен тәжірибе алмасып келеді»