Дәстүр мен инновация үндестігі
Білім беру саласында ұлттық құндылықты дәріптеу - бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Осы бағытта Қаскелең қаласындағы Жайлы мектебінде дәстүр мен инновацияны ұштастырған халықаралық семинар өтті. Этностильдегі сән көрсетілімі ұйымдастырылып, этнодизайнерлер мен жас өнерпаздардың бірлескен көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Басқосуда ұстаздар заманауи педагогикалық тәсілдер мен инновациялық технологияларды тиімді қолдану тәжірибесін талқылады. Білім беру ісінде ұлттық құндылық мәселесеніе мән беру керектігі айтылды. Сонымен қатар, Әзірбайжан, Қырғызстан және Қытайдан келген мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті.
САЛТАНАТ ЖАПАРОВА
ҚАЗАҚСТАН ЭТНОДИЗАЙНЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Қазіргі таңда Қазақстанда қолөенер бағытының мәртебесін нығайту, және ұрпақтар сабақтастығын ұстану, бұл орайда бұл әрине мектеп табалдырығынан басталады. Әрбір мектеп оқушысы өзінің төл мәдениетін, ата бабадан келе жатқан осындай ұлттық қолөнерін үйренпі, өзінің жаңағы ұлттық мәдениетін сусындап өсуі керек»