23 адам қызметтен босатылды
Алматы облысында мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыру және жемқорлықтың алдын алу бағытында ауқымды реформалар іске асып жатыр. Жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу порталына жасалған мониторинг нәтижесінде 32 миллион теңге бюджет қаражаты үнемделді. Бүгінде білім беру, денсаулық сақтау мен энергетика салаларындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, құмар ойындарға тәуелділікпен күрес те күшейтілді. Мәселен, онлайн-букмекерлік кеңселер арқылы бәс тіккен 23 мемлекеттік қызметші лауазымынан босатылған.
ДІЛМҰРАТ СУНАТИЛЛАЕВ
ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ
"Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» идеологиясы мен «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы - бүгінгі мемлекеттік саясаттың басты бағыты. Осыған сәйкес, Департамент сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарына ерекше көңіл бөлуде. Біздің басты мақсат-халық сеніміне ие болатын ашық, тиімді және «Мемлекет адам үшін» қағидатына негізделген, адамға бағдарланған сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру"